Мешіттің жалпы аумағы - 10 мың шаршы метр. Мысыр мен Сирияның билеушісі Бейбарыс сұлтан оны XIII ғасырда салдыртқан.
2007 жылы Қазақстан мен Мысыр үкіметтері мешітті қалпына келтіруге келісті. Сол кезде арнайы келісімге де қол қойылған болатын. Оған сәйкес, құрылыс жұмыстарының жалпы сомасы – 12 миллион доллар. Қазақстан 4,5 миллион доллар бөлсе, қалғанын Мысыр үкіметі өз мойнына алды.
Мешітті қалпына келтіру жұмыстары 2018 жылы басталды. Ал келесі жылы сәуір айында Мысыр осы шараларға 10 миллион долллар бөлді деген ақпарат шықты. Барлық жұмыс бұдан ерте аяқталуға тиіс еді. Мысырдағы саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты мешітті қалпына келтіру шаралары ұзаққа созылып кетті.
Биыл Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толып отыр.
Мысыр мен Сирияның билеушісі туралы қызықты деректерді мына жерден оқи аласыздар.