Фото

Құс жолы құбылысының түрлі көрінісі – фото

Milky Way photographer of the year 2023 байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Олардың әлемнің әр түкпірінде жасалған Құс жолын бейнелейтін ғажайып туындыларын суреттер топтамасынан тамашалаңыздар
Sputnik
Capture the Atlas шытырман оқиғалар және саяхат блогының авторлары алты жылдан бері Құс жолының үздік суретіне байқау өткізіп, мыңдаған жұмыстың ішінен ең керемет 25 суретті таңдап келеді.
Үздік туындыны таңдауда суреттің сапасына, оның көңіл-күйге әсер ету мүмкіндігіне және оның қалай және қандай жағдайда түсірілгенінің оқиғасына баса назар аударылады.
Фотографтар планетамыздың әртүрлі бөліктерінде түсіріп үлгерген Құс жолының ең әсерлі суреттерін көріңіздер!
1 / 17

"Кактустар алқабы", Пабло Руис Гарсиа. "Бұл сурет түнгі аспанның көрінісі ерекше әдемі Атакама шөлінің Кактус алқабында түсірілген. Мен алқаптың екі түрлі көрінісін кактустарымен бірге түсіріп үлгердім", - деді сурет авторы.

2 / 17

"Жұлдыздар фабрикасы", Гонсало Хавьер Сантиле. "Бұл кадрды түсіру үшін мен Құс жолы басталмай тұрып келдім де, алғашқы жұлдыздар пайда бола салысымен, аспан әлі жарық кезде алдыңғы көріністі суретке түсірдім. Кейін айналаны қараңғы басқан шақта аспанның тік суреттерін түсірдім", - деді Сантиле.

3 / 17

Хосе Луис Кантабран Гарсия түсірген "Интерстеллар" атты сурет. "Мен Майкл Гох түсірген суреттерді көргеннен кейін бұл жерге келуді қатты армандадым", - деп бөлісті фотограф.

4 / 17

Изабелла Табакки түсірген "Lut Glow" деп аталатын туынды. "Бұл Ирандағы Лут шөліндегі жартас, оның үстінде Құс жолы орналасқан. Біз түн батқаннан таң атқанға дейін осы керемет көріністі суретке түсірдік. Мен әсерлі жартастың артында атмосфераның жасыл жарқылын суретке түсіре алдым", - деп түсіндірді Табакки.

5 / 17

Гэри Бхазтар түсірген "Қараңғыда жарқыраған Джиги Хиу". "Мен бұл жерге 30-дан астам рет келдім. Сондықтан қазір өзімді үйдегідей сезінемін", - дейді Бхазтара. Гиги Хиу жағажайы Индонезиядағы Суматра аралының ауыл жағындағы бөлігінде орналасқан. "Осы жерде түсірілімге келгенде мен толқындардың қауіпсіз екеніне көз жеткізуім керек еді. Өйткені Үнді мұхитынан келетін толқындар үлкен болғандықтан, жағаға қатты соғылып, қауіпті болуы мүмкін", - деді ол.

6 / 17

Штеффи Либерман түсірген "Баобабтар астындағы түн". Мадагаскардың бұл керемет панорамасы Құс жолының астындағы жергілікті баобаб ағаштарын бейнелеп тұр. "Бұл суреттің мен үшін маңызы жоғары және оны түсіру қаншалықты қиын болғанын айта алмаймын. Жолдағы қиындықтардан бастап мен суретке түсіріп жатқанда айнала қоршап тұрған қарулы күзетшілерге дейін барлығы шытырман оқиғаға толы болды", - деп түсіндірді Либерман.

7 / 17

"Собордың жарық шоуы" атты суретті Роксолиана Гилевич түсірген. Бұл суретте түнгі аспан, көз қарықтырар әдемі көрініс, әсем гүлдер және кездейсоқ ұшқан метеор бейнеленген.

8 / 17

Якок Санер түсірген "Ла-Пальманың астротәжірибесі" атты сурет. Испанияда түсірілген бұл суретте ғажайып түнгі аспан астындағы Ла-Пальма мен Канар аралдары көрініп тұр. "Сапардың бірінші түнінде мен ұзақ жолдан және ұйқысыздықтан шаршаған болатынмын. Бірақ ғажайып түнгі аспанды суретке түсіру үшін сыртқа шықтым. Өйткені мұндай көріністі бірінші рет көрдім", - деді Санер.

9 / 17

Брендан Ларсен түсірген "Тасты өзен мен Таранаки тауының үстіндегі Құс жолы" атты сурет. "Мен өз камераммен және оның мүмкіндіктерімен қанша әр алуан түсті суретке түсіре алғаныма өте қуаныштымын. Аспандағы қызғылт, сары және көк түсті шоқжұлдыздар шынымен жақсы көрініп тұр. Суреттің төменгі оң жағындағы жарық та сол түнгі аспанға ерекше сән беріп тұр", - деді Ларсен.

10 / 17

Бенджамин Баракат түсірген "Бөтелке ағашындағы портал" атты сурет. "Мистикалық Сокотра аралындағы түндер, әсіресе мен бұрын-соңды көрмеген ерекше және әдемі ағаштардың құшақтағындағы түндер ұмытылмастай айрықша. Бұл ағаштардың бұралған діңдері ежелгі дәуірдің көрінісі болса, қызғылт гүлдер оның сұлулығын еселеп тұр", - деп түсіндірді Баракат.

11 / 17

Михаил Миньков түсірген "Әлем көздері" атты сурет. Бұл суретте бір күннің кешінде бірнеше сағат аралықта түсірілген Құс жолы бейнеленген. "Егер біз қыс пен жаздағы Құс жолының екі доғасын қатар көре алсақ, түнгі аспан қандай болады деп ойлайтынмын. Әрине, бұл мүмкін емес, өйткені қысқы және жазғы Құс жолы бүтін бір құбылыстың бір бөлігі болып табылады және әртүрлі уақыттарында көрінеді", - деп түсіндірді Миньков.

12 / 17

Александр Форст түсірген "Түнгі пойыз" атты сурет. "Өткен қыркүйекте мен Виадукте түнгі пойызды суретке түсірдім. Бұл сурет мен екі жыл бұрын бастаған көпірлер суреттерінің топтамасына кіреді. Екі жыл бұрын мен түнгі уақытта қозғалатын нысандардың суретін түсірумен әуестене бастадым және осы жолы Құс жолы аспанда көрініс берген шақтағы жылжып бара жатқан пойызды суретке түсірдім", - деп түсіндірді Форст.

13 / 17

Ларрин Рэй түсірген "Қысқы жарқырау" атты сурет. "Бұл мен көрген ең ғажайып жарықтардың бірі болды! Мен жолшыбай осы көлді суретке түсірермін деп қана ойладым. Алайда экранда бірінші сурет пайда болған кезде, мен таңғажайып құбылысты түсіретінімді түсіндім", - деді Рэй.

14 / 17

Брандт Райдер түсірген "Желді өзен түндері" атты сурет. Винд-Ривер жотасы. Бұл сурет жабайы табиғат аймағындағы көлде түсірілді. Бұл жерде табиғаттың мінсіздігі соншалық, аспанды жерден ажырату мүмкін емес. Бұл естеліктер менің жүрегімде ерекше орын алады. Өйткені мен бұл көріністі 7 жасар баламмен бірге тамашаладым. Оның "Әке, бұл жер бетіндегі ең әдемі жер болуы керек" деген сөздері әлі күнге дейін құлағымда тұр", - деді фотограф.

15 / 17

"Аспан қалқаны" атты суретті Иван Ферреро Авила түсірді. "Түнде мен 4500 фут биіктікте осы зәулім сарай орналасқан Миронсильоға жету үшін екі сағаттық жолға шықтым. Бұл қорған тыйым салынған махаббат пен ата-ананың қарсылығы туралы аңыздарға толы. Жол нашар болғандықтан, мен көліктен түсіп, отыз минуттай жаяу жүрдім. Қараңғы түсе сала мен жердің панорамалық суретін түсірдім, содан кейін Құс жолын бақылап отырдым. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, аспан әдемі суреттер жасауыма көмектесті", - деді байқау жеңімпазы.

16 / 17

Лоренцо Раньери Тенти түсірген "Үйден оңтүстікке қарай" атты сурет, "Менің Намибияға, әсіресе Эронго аймағына сапарым таңғажайып шытырман оқиғаға толы болды. Ол мені оңтүстіктегі түнгі аспанның таңғалдыратын сұлулығына куә етті. Панорамалық сурет оңтүстіктегі Құс жолы орналасқан Гросс-Шпицкоппе қорығының көрінісі бейнеленген", - деді Тенти.

17 / 17

Марчин Зайонц түсірген "Бөтен орман" атты сурет. Сурет Калифорниядағы Моно көлінде түсірілген. "Моно көлінің маңындағы бұл біртүрлі түсті жартас мұнаралары туфтар деп аталады. Олар кальцийге бай су асты бұлақтары карбонатқа бай көл суларымен араласқанда түзілген. Реакция нәтижесінде әктас пайда болды. Уақыт өте әктас шөгінділері мұнаралар түзіп, көлдегі су деңгейі төмендеген кезде мұнаралар жалаңаштанған"", - дейді сурет авторы.