Өңірлер

Петропавлда полицейлер жоғалып кеткен бүлдіршінді туыстарына қайтарды

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 5 маусым - Sputnik. Петропавлда полицейлер үш жасар қызды туыстарына тауып берді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
5 маусымда сағат 9:40 шамасында қала тұрғыны үш жасар немересі жоғалып кеткені туралы полицияға хабар берген. Әйел сәбиді қалалық емханалардың бірінің дәлізінде телефонмен қалдырып, дәрігерге кіріп кеткен. Санаулы минуттың ішінде әжесі немересінен көз жазып қалады.
"Полиция бүлдіршінді 20 минутта тауып берді. Негізі іздеу жұмыстарына қаланың барлық қызметтік экипажы жұмылдырылды. 363 автомобиль патрулінің экипаж қызметкерлері Азамат Темірханов пен Бахтияр Дошанов айналадағы аулалардың біріне кіріп, ғимараттың кіреберістегі ашық терезеден баланың жылаған даусын естіп қалған. 3 жасар бүлдіршінді 4-қабаттан тауып алған", - деді ведомство.
Әжесі немересінің қолына ұстатып қойған телефонға үздіксіз қоңырау соға берген. Полицияның іздеу жұмысына бұл да көмегін тигізген.
Маңғыстау облысында әткеншекке мінген баланы құтқаруға тура келді