Мысырда елден кететін туристер қосымша ақы төлейді

Sputnik
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мысыр билігі шетелдік туристер үшін 25 доллар көлемінде шығу ақысын енгізді.
Бұл шара 1 маусымнан бастап күшіне еніп, елден Каир халықаралық әуежайы арқылы кеткендерге ғана қатысты болады. Яғни бұл төлем Хургада, Шарм-эль-Шейх және басқа да курорттық қалаларда демалатын туристерге қатысты қолданылмайды.
Сондай-ақ бас қаладан елдің басқа қалаларына мысырлық ішкі әуе желілері арқылы ұшатын шетелдіктер бар болғаны 4 доллар төлеуі керек болады. Ведомствода нақтыланғандай, бұл жаңашылдықты мамыр айының соңында Азаматтық авиация министрлігі қабылдаған.
Каирде Бейбарыс сұлтан мешіті ашылды