Бұл мұсылман еліндегі ең үлкен сән көрсетілімі. Ол жыл сайын өтеді және әдетте халықаралық және жергілікті көктемгі және жазғы қызу сауда маусымына сәйкес келеді. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Adnan Pardesy топтамасының көрсетіліміндегі модель
Дәстүрлі түрде сән топтамаларында әдеттегідей еденге жететі ұзын көйлектер, айрықша үлгідегі әшекейлер, асыл тастар, этникалық ою-өрнектер мен кестелер басым болды. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Sana Safinaz топтамасын таныстырып жатқан модельдер
Сәнді, танымал дизайнерлер мен брендтерден басқа, Karachi Fashion Week сән жәрмеңкесінде аз танымал, бірақ дарынды кутюрьелер де өз топтамаларын көрсетуге шақырылды. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Parishae топтамасын таныстырып жатқан модель
Карачи сән апталығы осы маусымда Пәкістанның fashion-индустриясындағы басты іс-шаралардың бірі. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Ali Xeeshan топтамасының көрсетіліміндегі модель
Пәкістандағы мұндай сән шараларын ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі: олар үшін іс-шара қонақтары мен қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Huma Adnan топтамасының көрсетіліміндегі модель
Себебі ислам дінін ұстанатын шығыс елінде денесін көрсететін ашық киім киетін әйелдерге қырын қарайды. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Parishae топтамасының көрсетіліміндегі модель
Дегенмен дизайнерлердің көпшілігі ұстамды киім үлгілерін дайындайды. Суретте: Карачидегі пәкістандық дизайнер Spartan топтамасының көрсетіліміндегі модель
Мысалы, етегі еденге жететін этикалық үлгідегі кестелі ұзын көйлектер. Бұл жолы Карачидегі сән апталығы киімдердің негізгі түстері жасыл, қою қызыл, ақ, көк болды. Суретте: пәкістандық дизайнер Sanam топтамасының көрсетіліміндегі модельдер