АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Алматы полиция департаментінің қызметкері әріптесін байқаусызда атып өлтірді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Бүгін, 5 маусымда табельдік қаруды абайсызда қолданудың салдарынан пост полициясы әріптесін атып алды. Оқ тиген қызметкер қайтыс болды. Қылмыстық іс ҚК 104-бабы "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша тіркеліп, сараптамалдар жасалып жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін телеграм-арналардың бірінде оқ марқұмның басынан тигені туралы ақпарат тарады.
Ақпаратта полиция қызметкерлерінің арасында жанжал туындамағаны, қайғылы оқиға екеуара әңгімелесіп отырған кезде абайсызда болғаны туралы жазылған.