АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Түркияның Mavi Gök Aviation әуе компаниясы Анталия – Астана – Анталия бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды елорда әуежайы.
Бес сағаттық тікелей рейс жасаған Boeing 737-800 ұшағын дәстүр бойынша "су қақпасымен" қарсы алды, деді әуежайдағылар.
"Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылады", - деп толықтырды әуежайдағылар.
Сондай-ақ әуежай Boeing 737-800 әуе кемесі 189 орынға арналғанын хабарлады. Сонымен қатар жолаушылардың жоғары ағыны сақталса, әуе компаниясы шілде айынан бастап бұл ұшақты 300-ден астам жолаушыны тасыиалдайтын Boeing 777-300ER-ге ауыстырады деген келісім бар.