АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мемлекеттік рәміздер күні "Қазақ елі" алаңында айрықша "Аламан құрақ" патриоттық акциясы өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген екі жүз қолөнерші ұлттық тумен түстес 500 метрлік құрақ көрпе құрастырды.
Астанада ерекше мерекелік шара өтті
© Sputnik / Sputnik / Санат Имангалиев
Акцияны ұйымдастырушы Зюар Жұманованың айтуынша, "Аламан Құрақ" жобасы бірден бірнеше мақсатты көздейді. Бұл мақсаттар дәстүрлі қолөнер түрлеріне қызығушылықты арттыру, жастарды патриоттық сипатта тәрбиелеудің тағы бір элементін таныстыру, сонымен қатар КИНЭС Рекордтар кітабына енуді қамтиды.
Астанада ерекше мерекелік шара өтті
© Sputnik / Sputnik / Санат Имангалиев
"Біздің миссиямыз – ата-баба дәстүрін сақтап, бүкіл әлемді қазақ халқының мұрасымен таныстыру", - деді Зюар Жұманова.