АСТАНА, 4 маусым - Sputnik. Елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай дәстүрлі автошеру өтіп жатыр.
Автошеру Мемлекеттік рәміздер алаңынан басталып, Отан қорғаушылар алаңына дейін жалғасады. Іс-шараны "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Автошеруге 40-қа жуық жеңіл автокөлік және 10-ға жуық мотоцикл қатысып жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Астанада автошеру дәстүрлі түрде 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.
Астанада автошеру дәстүрлі түрде 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.