АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Шымкентте Абай аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің басшысы мен бұрынғы тергеуші ұсталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
2 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласындағы департаменті мен қалалық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар барысында Абай аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің басшысы мен бұрынғы тергеушіні ұстады.
Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.