АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Қарағанды облысында сыныптастарымен бірге демалып жүрген 15 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 3 маусымда Нұра ауданында болған. Қыз құрбыларымен бірге серуенге шыққан. Олар Нұра өзенінің жағасында демалған.
"Кезекші диспетчерге 15 жастағы оқушы қыз Егінді ауылынан үш шақырым жерде өз сыныптастарымен бірге демалып жүрген кезде суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 13:25-те үш құтқарушы бір су көлігі және бір техникамен жолға шықты. Бөлімшеден оқиға орнына дейінгі қашықтық шамамен 240 шақырым", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.