АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған.
Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Станция өкілдерінің айтуынша, елордада бригадалар саны азаймаған.
"2022 жылмен салыстырғанда биыл 15 тәуліктік бригада қосылды. Қауесетке сенбеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Желідегі бригадалардың саны нормативтерге сәйкес келеді. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында барлық қажетті кадрлық және техникалық ресурстар бар, – делінген хабарламада.