АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады ақорда.
Осы күні мемлекет басшысы Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.
1 маусымда Ердоған жаңа министрлер кабинетінің тізімін жариялайды, деп бұған дейін президент кеңесшісі Мехмет Учум хабарлаған болатын.
Түркиядағы президент сайлауының екінші турында Ердоған 52 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті.