АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда жаңартылған Қазақстан халқының саны туралы мәліметті ұсынды.
2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша республикадағы халық саны 19 миллион 854 мың адамға жетті, деп хабарлады бюро.
Оның ішінде қала халқы – 12,2763 млн, ауылдықтар – 7,5777 млн. Жыл басынан бері жалпы өсім 87 276 адам болды, басым көпшілігі – 81240 адам табиғи өсім есебінен және 6036 адам көші-қон есебінен.
Сонымен қатар жыл басында елімізде 19 766 807 миллион адам тізімге алынған, яғни халық саны 0,44 пайызға өскен.