Премьер-министр "Алтын Орда" базарындағы заңбұзушылықты жоюды талап етті

Sputnik
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Алтын Орда" базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды.
Базарда 5 мыңнан астам сауда орны бар, оған келушілер күніне шамамен 50 мың сатып алушыға жетеді. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40%-ын және бөлшек саудасының 70%-ына дейін қамтиды.
Бас прокуратура және мемлекеттік органдармен тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам заңнама нормаларын бұзу жағдайын анықтады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, "Алтын Орда" базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру қажет, деді. Сондай-ақ оның аумағында барлық заңбұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылды.
Сонымен қатар "Алтын Орда" базарының баға саясатына ықпалын азайтатын баламалы көтерме-сауда орталықтарын құру бойынша жұмыс жалғасады.
Қоғам
"Алтын Орда" базарының басшыларына халықаралық іздеу жарияланды