Өңірлер

Павлодарда 4 жасар бала септикке құлап кетті

Баланың ажалына себеп болған септик көрші үйдің ауласында орналасқан
Sputnik
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. 31 мамырда Мойылды кентінде септиктен 2019 жылы туған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, бала көрші үйдің ауласындағы беті ағашпен жабылған септикке құлаған.
"Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама жасалады", - деп жазылған ақпаратта.
Алматы облысында сіріңкемен ойнаған бала жансақтау бөліміне түсті