Енді мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін

Тұңғыш президент туралы заң күшін жоюына байланысты мемлекеттік күзет қызметі туралы ережелерге өзгерістер енгізіледі
Sputnik
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысының мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Құжаттың салыстырмалы кестесі 42 тармақтан тұрады – өзгерістер мемлекеттік күзет туралы ереженің барлық дерлік бабына қатысты.
Түзетулердің кейбірі тұңғыш президент – Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жоюына байланысты болған.
Қызметке қарсы барлау және терроризмге қарсы шараларды жүзеге асыру құқығы беріледі.
Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін – республиканың ұлттық қауіпсіздік күштеріне жататын арнаулы мемлекеттік орган.
Ол мемлекет басшысының, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жарлық жобасы порталда 14 маусымға дейін талқыланады.
Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер қайтарыла ма – министрдің жауабы