Экономика

ЕАЭО елдерінде жалақы өсті – статистика

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде нақты жалақы өсімінің ең төменгі деңгейі Қазақстанда тіркелді
Sputnik
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы барлық мемлекетте 2023 жылдың бірінші тоқсанында былтырғы кезеңмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақы өсті, деп хабарлады ЕЭК статистика департаменті.
Номиналды және нақты (тауар мен қызмет тұтыну бағасының индексіне байланысты) орташа айлық жалақының ең жоғары өсу қарқыны Қырғызстанда (142,5% және 124,2%) тіркелді.
Қазақстан үшін бұл көрсеткіштер 119,3% және 99,4% деңгейінде болды. Бұл - ЕАЭО-дағы ең төменгі деңгей.
Орташа айлық атаулы жалақы Қырғызстанда 30,7 мың сомнан(160 мың теңге шамасында) Ресейде 66,8 мың рубльге (367 мың теңгеге жуық) дейін жеткен.
Қазақстанда орташа айлық жалақы 340 636 теңге болды.
Жұмыс берушілер жыл сайын жалақыны көтеруге міндеттелуі мүмкін