Жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру маңызды - Тоқаев

Sputnik
АСТАНА, 33 мамыр - Sputnik. Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады
"Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 31 томдық құжат жарыққа шықты