Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме - министрдің орынбасары жауап берді

Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады. Брифингте журналистер қорғаныс министрінің орынбасарынан қазақстандық бітімгерлерді Украинаға жіберу қаупі туралы сұрады.

“Ондай қауіп-қатерлер жоқ. Әрбір мемлекет ерікті түрде қатысады. Ол - бір. Екіншіден, әскери контингентті бір жерге жіберу мәселесін парламент мақұлдайды. Парламент мақұлдаса ғана. Біз парламент үшін жауап бере алмаймыз", - деп атап көрсетті Қамалетдинов.

Айта кетері, бүгін мәжіліс екі заңды қабылдады. Біріншісі- “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы” заңының жобасы.
Екіншісі - “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы” заңының жобасы.
Қаңтар оқиғасы: депутат ҰҚШҰ әскерінің тәртіп бұзушылықтары туралы сұрады