Қайрат Сатыбалдының ісі: 14 миллион доллар мемлекетке қайтарылды

Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды.
"Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды", - деп хабарлады Антикор.
Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.
Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылады.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды