АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Павлодар облысы Тереңкөл ауылында төрт жасар қыз кір жуғыш машинада кептеліп қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен қызды алып шықты. Мәлім болғандай ол тұрмыстық техниканың ішіне құлап кеткен ойыншығын алып шығу ішін кірген.
Павлодар облысында төрт жасар қыз кір мәшінде кептеліп қалды
© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области
Бұл кезде қыздың ата-анасы үйде болған. Алайда олар кептеліп қылған баланы алып шыға алмаған соң құтқарушыларға жүгінді.
Павлодар облысында төрт жасар қыз кір мәшінде кептеліп қалды
© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области
Қыз дін аман. Ешқандай дене жарақатын алған жоқ.