АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Оқу жылын ұзарту – жете ойластырылмаған, әкімшілік шешім, деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.
"Біздің балалар басқа елдердің балаларысекілді күніне 4 сағат емес, 6-7 сабақтаноқиды, ал сабақтың санын салыстырсақ, бұл шетелдегі оқу жылының ұзақтығына сәйкес келеді", - деп түсіндірді Смирнова мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, жазда баланың қанша уақыт демалатынын салыстыруға болмайды.
"Кейбір елдердегі балалар қыста бір ай немесе жылдың басқа уақытында екі ай демалады. Олардың оқу жылының құрылымы мүлде басқа", - деп түйіндеді ол.