АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Жаңаөзендегі "Өзенмұнайгаз" АҚ басшылары Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында шеру ұйымдастырған "БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-ның бұрынғы жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" компаниясы.
Өңірдегі жұмыссыздардың барлығы жұмысқа орналасуға қазығушылық танытатын компанияның жаңа ұсынысын "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Ол "БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлерін "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-ға жұмысқа алуды ұсынды.
"Өзенмұнайгаз" АҚ басшылары "БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-ның бұрынғы жұмысшыларымен кездесті
© Photo : пресс-служба АО "КазМунайГаз"
Осы компания мен "Өзенмұнайгаз" арасында "БерӘли" серіктестігінің бұрынғы қызметкерлері жалақысының деңгейін сақтауға кепілдік беретін арнайы келісім жасалған.
"Сонымен қатар жиынға келген азаматтарға ұңғымаларға өнеркәсіптік жөндеу жүргізу көлемін 3 жылдық мерзімге сатып алуға тендер жарияланғаны айтылды", - деп жазылған ұлттық компанияның хабарламасында.
БерӘлидің бұрынғы қызметкерлері ұсынылған шарттар туралы ойланып, нақты шешімге келуге уақыт алды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".