Такси жүргізушілері үшін жаңа ереже енгізіледі

Мобильді қосымшалармен жұмыс істейтін такси жүргізушілері тасымалдаушы компаниямен еңбек шартын жасасуға міндетті
Sputnik
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Тиісті қаулыны Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қоғамдық талқылауға шығарды.
Жұмыс бастардан бұрын жүргізушілер әкімдікке шарт жасасу туралы хабарлама беруге тиіс, ал әкімдіктер осы құжат негізінде барлық тасымалдаушының тізімін жасап отырады.
Құжатта "Автомобиль көлігі туралы" заң талаптары жеке кәсіпкерге немесе жеңіл автомобильдің заңды иесіне жүктелетіні көрсетіліп тұрады.
Түзетулер жобасы 9 маусымға дейін талқыланады.
Такси жүргізушілері мен курьерлер салықты қалай төлейді