АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Көкшетаулық полицейлер есірткі сатқаны үшін ұсталып, жазадан бой тасалаған күдіктіні тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері 1998 жылдан бастап есірткі заттарын сатқаны және өткізгені үшін Ресейде іздеуде болған 63 жастағы ер адамды анықтады.
Ер адам 1998 жылы тасымалдаумен айналысқан және Ресейде жұмыс істеген, сол жерде жалдамалы пәтерде есірткімен ұсталған.
Жыл басынан бері облыста барлығы 25 қылмыскерге іздеу жарияланды. Полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 35 адамды ұстады. Бүгінгі таңда іздеуде жүрген 4, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 2 адам әлі іздестіріліп жатыр.
Айта кетері, биыл Ақмола полицейлері ТМД бойынша іздеуде жүрген 9 қылмыскерді анықтады.