Күні кеше Канн халықаралық кинофестивалі аяқталды. Канн кинофестиваліндегі жұлдыздар мен танымал адамдардың суреттері қазірдің өзінде бүкіл әлемге таралып, жұртшылықты таңғалдырды: бірі киімдерінің жоғары талғампаздығымен тәнті етсе, бірі тым ашық киім үлгісімен есеңгіретті.
Осы мерекелік шарада дәстүрлі түрде табысталатын "Алтын пальма бұтағы" кино әлеміндегі ең беделді жүлделердің бірі болып саналады.
Биыл ол Круазет жағалауында 76-шы рет өтіп жатыр. Дәстүр бойынша әлем фотографтары "қызыл кілемдегі" жұлдыздарды және танымал адамдарды суретке түсірді.
Азиялық актерлар мен кино саласының қайраткерлері дәстүрлі түрде басқа қонақтардан ерекше стилімен, ұстамдылығымен және киім таңдаудағы талғампаздығымен ерекшеленді. Суреттер топтамасын тамашалаңыздар!