АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Орал қаласында жасөспірімнің өлімі бойынша күдікті ұсталды.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 28 мамыр күнге қараған түні болды.
"Сағат 01.28-де 2007 жылы туған жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бірақ ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - делінген хабарламада.
Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған жасөспірім қолға түсті. Аталмыш дерек бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.