HBM Group қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Hit Beat Music (HBM Group) қаржы пирамидасына қатысты тергеуді бастады, оны ұйымдастырушы Алматыдағы шоу-таныстырылым кезінде ұсталды, деп хабарлады Ұлттық банк.
Компания азаматтарға Канададағы әлдебір "музыкалық инвестициялық жобаларға" қаражат салуды ұсынған. HBM Group-тың Қазақстанда тіркеуі, өкілдігі және банк шоты жоқ. Салымшылардың ақшасын қолма-қол қабылдаған. Қаржы пирамидасына қатысушылардың саны 2300 адамға жетуі мүмкін.
Еске сала кетейік, таяуда ғана Q-net қаржы пирамидасының Талдықорғандағы басшысы қамауға алынған болатын.
Павлодарда қаржы пирамидасы 1,5 млрд теңгеге шығын келтірді