Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай шараға билетсіз кіре алады

Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтар қандай мәдени-ойын-сауық шараларына тегін кіре алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
​Қазіргі заңнамаға сәйкес, ​I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар барлық шараға тегін кіре алады. Олар:
мемлекеттік концерттік мекемелер өткізетін іс-шараларға:
мемлекеттік театрларда өтетін спектакльдер;
мемлекеттік мәдени-ойын-сауық мекемелерінің іс-шаралары;
мемлекеттік цирктердің іс-шаралары;
мемлекеттік кітапханалар ұсынатын қызмет түрлері;
мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызмет;
Ал ​III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар барлық шараға 50 проценттік жеңілдікпен кіре алады.
Министрлік мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша жәрдемақы төленгенін айтты