Бізге "бестолковый" басшылар керек емес – Өскемен әкімі

Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Защита шағын ауданы тұрғындарының арыз-шағымын тыңдады, деп хабарлады Altaynews.
Халық №228 маршрутты алып тастағалы бері облыс орталығына жету қиындағанын жеткізді. Олардың айтуынша, студенттер оқуға жету үшін бірнеше қоғамдық көлікке отырып, ары қарай жаяу немесе таксимен жетуге мәжбүр екен. Тұрғындар шағын аудандағы ең өзекті мәселе осы дейді.
Тұрғындар өткен жылы қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшысы Нұрсұлтан Төлеубекұлымен кездесіп, осы мәселені талқылаған. Мекеме басшысы тұрғындарға аталған маршрут қайта қайтарылатынын айтқан. Алайда аталған маршрут қозғалысы әлі күнге дейін жолға шықпаған көрінеді.
"Бұл бірінші рет емес. Үнемі адамдарға уәде беріп, оны орындамайды. Көп сөйлеп, айтқанын орындамайтын адамдар бізге керек жоқ. Мұндай "бестолковый" басшылар бізге керек жоқ. "Уәде беріп, орындамады" деген біздің адамдар туралы әңгімез маған ұнамайды. Бұл өте жаман", – деп наразы болды Жақсылық Омар.
Қала әкімі жауапты тұлғаларға қоғамдық көлік мәселесін шешуге қатысты тапсырма берді.
"Халық мал болып кеткен": ауыл әкімі тағы да тұрғындардың ашуына тиді