Фото

Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі ең үлкен аквариум ашылды – фото

Теңізде тіршілік ететін мақұлықтарға арналған ең үлкен саябақ Sea World Abu Dhabi Біріккен Араб Әмірліктерінде келушілерге есігін айқара ашты. Бұл саябақта әлемдегі ең үлкен аквариум орналасқан.
Sputnik
1 / 9

Sea World аквариумына 58 миллион литр су құйылады және онда 100 000-нан астам теңіз жануары мекендейді. Олардың ішінде теңіз жануарларының, балықтардың, акулалардың, скаттардың, тасбақалардың, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың 150 түрі бар. Суретте: БАӘ-дегі SeaWorld саябағына алғашқы келушілер.

2 / 9

Әлемде баламасы жоқ ерекше нысан Яс аралында орналасқан.

3 / 9

Саябақта мекендейтін мақұлықтарға табиғи ортаға қатты ұқсайтын жағдай жасалған. Суретте: БАӘ-дегі SeaWorld саябағындағы дельфиндер.

4 / 9

Жануарларға арналған жарықтандыру жүйесі күндізгі және түнгі, сонымен қатар маусымдық жарық кезеңдерін реттейді. Жануарлардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі судың сапасын басқарады. Мұның бәрі үлкен аквариумдарда бірге тіршілік ететін әр түрлі балықтар мен сүтқоректілерді аман сақтауға мүмкіндік береді.

5 / 9

Саябақта түрлі аймақтар бар. Мысалы, Abu Dhabi Ocean аймағы қонақтарға Парсы шығанағы жағалауында тіршілік ететін жануарлармен танысуға және БАӘ-дегі теңізде жүзудің тарихи дәстүрлері туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік береді. Суретте: SeaWorld саябағына келушілер.

6 / 9

Поляр мұхиты аймағында Антарктида мен Арктиканың мұзды ландшафттары құрастырылған. Бұл жерде шынында да қар жауып, суық болады.

7 / 9

Тропикалық мұхит аймағы саябақтың ең үлкен аумағын алып жатыр. Би "билейтін" сарқырамалар, лагуналар, дельфиндер тобы, қызғылт қоқиқаздар мен тропикалық құстар бар. Суретте: БАӘ-дегі SeaWorld саябағындағы қоқиқаздар.

8 / 9

25 миллион литр суы бар әлемдегі ең үлкен аквариум "Шексіз мұхит" аймағында орналасады. Ол теңіз үңгірі ретінде құрастырылған. Мұнда 68 миллионнан астам түрлі жануарлар өмір сүреді. Суретте: SeaWorld тақырыптық саябағындағы теңіз арыстандары.

9 / 9

Келушілер үлкен аквариумдағы түрлі тропикалық балықтар мен скаттарды тамашалап тұр.