Астанадағы су тапшылығы: мекеме наразылыққа шыққан тұрғындарға жауап берді

Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Астанада көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары ауыз судың жоқтығын айтып, наразылыққа шықты. Бұл туралы суға жауапты мекеменің әлеуметтік парақшасында жазылған.
"Астана Су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны өкілдерінің айтуынша, Төле би көшесі 25 мекен-жайындағы үй қазіргі уақытта "Астана Су арнасы" қарамағына берілмеген.
Десе де, судың болмау себебін анықтаған. Тұрғын үйде су желілері дұрыс тартылмаған көрінеді.
"Біз үйдің ішкі желілерінде жұмыс істеуге уәде берген мердігер ұйымға хабарластық", - дейді қосты компания.
Үй ішіндегі желілерді салған "Мой дом" мердігер компаниясының жұмысына тұрғындар үнемі шағымданумен келеді. Қалалық су арнасының мәліметінше, желі бойынша мердігер "СК Жоңғар" ЖШС ішкі сымдарды қайта құру және сорғыларды қайта жөндеу керектігін айтқан.
Бұл - астаналықтардың ауыз суға қатысты бірінші рет шағымдануы емес. Жақында басқа көппәтерлі кешеннің тұрғындары мәселеге назар аударту үшін жолды жауып тастаған болатын.
Айта кетейік, жалпы Астананың тұрғындары судың машақатын тартып келеді. Ал суға қатысты жауапты мамандар тұрғындарға тіпті үндеу де жариялаған болатын.