Алматыда бірнеше көше күзге дейін жабылады

Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Алматыда жылу желілерін қайта құрылымдауға байланысты 30 тамызға дейін бірнеше көше жабық болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Олар:
29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында - Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ.
31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында - Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.
1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында - Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ.
Әкімдіктің түсіндіруінше, енгізілген шектеулер аталған көшедегі құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.