АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды.
Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.
"Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық", - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.