Өңірлер

Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райын жариялады

Елімізде күндіз ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр
Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Тек солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын болмайды..
Сондай-ақ жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 ​​градус жылы.
Алматыда өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус ыстық.