Шұбаркөл көмірінен тыңайтқыштар шығарыла бастады

Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында пайдалануға жарамсыз көмірден тыңайтқыш шығарыла бастады. Бұрын соның бәрі сыртта үйіліп жатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Тыңайтқыш шығару үшін "Батыс" разрезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы салынды. Соның негізінде бір ауысымда 1,5 тонна гуминді тыңайтқыш өндіріледі. Оған дейін ғалымдармен бірлесіп, үлкен жұмыс атқарылды.
Өнімді өнеркәсіптік ауқымда өндіру және оны Қазақстан нарығында өткізу үшін барлық қажетті құжаттар рәсімделді.
"Бұл өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі маңызды экологиялық жоба, өйткені бұрын тозған көмір үйінділер ретінде жинақталған болатын. Гуминді тыңайтқыштар табиғи органикалық заттар – гуматтардан тұратын препараттар. Оларды барлық дерлік дақылдарды өсіруде қолдануға болады. Олар дақылдардың қалыптасуына, өсуіне және нығаюына оң әсер етеді", – дейді "Шұбаркөл Көмір" АҚ ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының менеджері Елена Мартынова.
Осы өнім ауыл шаруашылығында сұранысқа ие болады деп болжам бар. Кәсіпорын да көктемгі ағаш отырғызу кезінде өзінің жаңа өнімдерін пайдаланды. Компания Нұра ауданы Шұбаркөл ауылын және Қарағанды облысының басқа да елді мекендерін көгалдандыруға көмектеседі.
Өңірлер
"Богатырь Көмір" кәсіпорнында қылмыстық схема анықталды