Спорт

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 10 алтын медаль жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында өткен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар он алтын медаль жеңіп алды.
Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Қырғызстаннан 177 боксшы келді. Барлығы 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
Соның ішінен қазақстандық боксшылар он алтын медаль алды:
1.
Даниял Сәбит (51 келі);
2.
Дамир Әбдіқадір (54 келі);
3.
Оразбек Асылкұлов (57 келі);
4.
Бейбарыс Жексен (60 келі);
5.
Сұлтан Мусинов (63,5 келі);
6.
Ділмұрат Мижитов (67 келі);
7.
Дархан Дүйсебай (71 келі);
8.
Аятулла Тәкіжанов (75 келі);
9.
Ерасыл Жақпеков (80 келі);
10.
Шаймұрат Құсайынов (86 келі).
Бұдан бөлек, Қытай боксшылары - Ашан Резибек (92 келі) пен Абудурешити Ремула (+92 келі) топ жарса, қырғыз боксшысы Жениш Улпатов (48 келі) алтын алды.
Спорт
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді - видео