АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Алтай Республикасының аудандық соты Моңғолиядан көлік тасыған екі қазақстандыққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан осы өңірдің кеден қызметіне сілтеме жасап.
Сот материалдарына сәйкес, Қазақстанның екі азаматы Моңғолиядан көлік сатып алып, Ресей арқылы өз еліне алып келмекші болған. Бірақ көрші мемлекетте құжат рәсімдемеу үшін кеденшіге ірі көлемде пара берген.
Қазақстандықтар Ташантинск кеден бекетінің қызметкеріне 4 мың доллар беріп жатқан жерінде қолға түсті. Оларды Алтай кедені бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім қызметкерлері ұстап әкетті.
"Сот Қазақстан азаматтарын Ресейдің Қылмыстық кодексі 291-баптың 4-бөлігіндегі екі тармақпен қарастырылған "лауазымды тұлғаға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде пара беру" бойынша кінәлі деп танылды. Әрбіреуі бір миллион рубль (5 630 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеу жазасына тартылды ", - делінген ресми хабарламада.
Алтай Республикасының Қос-Ағаш аудандық соты шығарған сот үкімі әлі зады күшіне енген жоқ.