АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбедегі орталық стадионға жасалған жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов "Ақтөбе" футбол клубы ойнайтын бас спорт аренасын қарап шықты.
Мұнда футбол алаңын жаңарту, орындықтарды қалпына келтіру, киім ауыстыратын және санитарлық бөлмелер, медициналық кабинеттер және тағы басқа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстар бірқатар компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі негізіндегі келісімдер аясында жасалды.
Қазақстан премьер-лигасының 3 маусымда өтетін кезекті турында "Ақтөбе" футбол клубы Орталық стадионда қарағандылық "Шахтерге" қарсы алғашқы матчын өткізеді.