АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстан президентінің резонанс тудырған Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінің тезистеріне тоқталды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Сенат төрағасының пікірінше, мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылымы күрделі әрі көп деңгейлі екенін атап өткен – барлық ел мен олардың арасындағы қарым-қатынас әр түрлі, ал біреуінің оң жамбасына келетін нәрсені басқаларға телудің мәні жоқ.
Қазақстан үшін ЕАЭО-да бірінші орында экономика тұрады, деп мәлімдеді Әшімбаев.
Сенат спикері жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Сапар аясында ол мәслихат депутаттарымен кездесіп, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушыларымен әңгімелесті, сондай-ақ паралимпиада спортшыларының ашық жаттығуына қатысты.