Видео

Түркиядағы президент сайлауы: Қазақстанға қалай әсер етеді – бейнекөпір

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 28 мамырда өтетін Түркиядағы президент сайлауының алдағы екінші кезеңіне арналған Астана - Эрзинджан бейнекөпірі форматында сарапшылық кездесу өтіп жатыр. Толығырақ тікелей эфирден көріңіз
Sputnik
Сарапшылар түрік халқының таңдауы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қалай әсер ететінін талқылайды.
Спикерлер:
Олжас Рахматуллин, Астана Халықаралық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің оқытушысы (Қазақстан);1.
Таир Нығманов, Медиа сарапшы (Қазақстан);2.
Айнұр Ноғаева, Эрзинжан Бинали Йылдырым (Түркия) университетінен шақырылған профессор.
Президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өтті. Бұл кезеңде бірде-бір кандидат жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын жинай алмады. Қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған 49,52 пайыз дауыс жинады, оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 44,88 пайыз, ал АТА альянсының кандидаты Синан Оган 5,2 пайыз дауыс жинады.
Синан Оган дауыс берудің екінші кезеңінде Режеп Тайып Ердоғанды қолдайтынын айтты.