АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. 24-25 мамырда Мәскеуде II Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ-2023) өтті. Оның аясында форумның пленарлық отырысы және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылып, іс-шараға ЕАЭО-ға мүше елдердің, атап айтқанда, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей көшбасшылары, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері қатысты
Құбылмалы әлемдегі ЕАЭО
ЕЭФ-2023 пленарлық отырысын ашқан Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО рөлінің артып келе жатқанына, еуразиялық интеграцияның табысты дамуына, шетелде Одаққа қызығушылықтың ұлғайып жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, форумға шенеуніктер мен кәсіпкерлерден бастап сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне дейін қатысып отырғаны осының айғағы.
Ресей президенті жаһандық аренада болып жатқан түбегейлі өзгерістерді атап өтті: оның айтуынша мемлекеттердің басым бөлігі ұлттық егемендікті нығайтуға, тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізуге, дамудың өзіндік үлгісін ұстануға бағыт алып жатыр.
"Олардың барлығы халықаралық экономикалық қатынастардың жаңа, әділетті архитектурасын құруды қолдайды, олар әлемдік үдерістерге сындарлы әсер етуге, өзара тиімділік пен құрметке негізделген серіктестіктер желісін кеңейтуге ұмтылады", - деді Владимир Путин.
Ресей Президенті бүгінде "халықаралық қарым-қатынас орнатып жатқан тараптардың көбі" осы көзқараспен келісетінін айтып, Ресей мен ЕАЭО-ның ірі бірлестіктермен (БРИКС, ШЫҰ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кңесі, Латын Америкасы мен Африканың көпжақты ұйымдары) ынтымақтастығы артқанын мәлімдеді.
Владимир Путин Батыстың ресейлік серіктестерге ықпал етуге тырысқанына қарамастан, ЕАЭО аясындағы сауда тұрақты қарқынмен өсіп жатқанын атап өтті.
Ресей президентінің пікірінше, ЕАЭО Одақты ғана емес, бүкіл Еуразияны дамытуға бағытталған бастамаларды да қолдайды. Атап айтқанда, Қытаймен интеграциялық процестерді байланыстыру бойынша жүргізілген жұмыстар ірі еуразиялық серіктестік құру идеясын жүзеге асыруға ықпал етіп отыр.
Ал алыс-жақын шетелдермен достық байланыстарды кеңейту аясында өткен жылы Иран және Мысыр елдерімен еркін сауда аймақтарын құру туралы келіссөздер жанданды, Біріккен Араб Әмірліктері және Индонезиямен осындай кеңестер басталды.
Әлемдік экономиканың орталығы дамушы елдерге қарай ығысып жатыр, өйткені болашақта дәл осы мемлекеттреде даму болады", деді Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл ең алдымен Азия, Африка, Латын Америкасы және Таяу Шығыс елдеріне қатысты айтылды.
"Біздің ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС форматындағы интеграциялық күш-жігерді біріктіру мемлекеттердің ең үлкен коалициясын құруға ықпал етеді", - деді Александр Лукашенко.
Оның айтуынша, бүгінде БРИКС пен ШЫҰ-ға әртүрлі елдер бірлестіктерге кіру туралы ыңғай білдіргенімен, бұл процестерге шенеуніктер кедергі келтіріп отыр.
"Егер бұл ұйымдар тезірек әрекет етсе, БҰҰ мүлдем басқа саясатқа ие болар еді. Уақытты жоғалтып алсақ, оны қайтара алмаймыз. Сондықтан интеграциялық күш-жігерді біріктіру қажет. Ресей ШЫҰ-да да, БРИКС-те де осы ұйымдардың даму қарқынын үдететін күшті локомотив бола алады", - деді Беларусь президенті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы ЕАЭО халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басымдық беріп, оның халықаралық экономикалық қауымдастықта танылуы мен беделін арттыруға тиіс екенін айтты.
"ЕАЭО беделінің өзі осы ұйымдағы бірлескен жұмысымыздың нақты нәтижелеріне негізделуі керек. Сондықтан Қытай, Үндістан, Вьетнам, Иран, Мысыр, Израиль, Сербия және басқа мемлекеттермен белсенді өзара іс-қимыл одақтың жетілгенінің және оның сауда-экономикалық тартымдылығының маңызды көрсеткіші болып табылады", - деді Тоқаев.
"Үндістан мен Мысыр сияқты келіссөздердің басым бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ БАӘ және Индонезиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету Одақтың әлемдік экономикаға интеграциялау процесіне қосымша серпін береді", - деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
Еуразияның көлік мәселелері
"Решт – Астара темір жолының учаскесін төселуі Балтық және солтүстік теңіздердегі ресейлік порттарды Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты жағалауындағы Иран порттарымен байланыстырады. Жаңа тармақтың құрылысы биыл басталады. Бұл дәлізді құру аясындағы өзара іс-қимыл Әзербайжанмен тығыз әріптестік аясында жүргізіліп жатыр. Біз Әзербайжан тарапының қатысуымен үшжақты форматтағы тиісті құжаттарды дайындау және қол қоюдың еш кедергісізі жылдам орындалуына сенеміз", - деді Владимир Путин.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өткен жылдағы оқиғалар жаңа жаһандық логистиканың негізгі элементі ретінде Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дәлізін дамытудың маңыздылығын айқын көрсетті.
"Бұл меридиандық дәліз ендіктік Транскаспий халықаралық көлік бағытымен үйлеседі. Сондықтан біз екі бағыттың үйлестірілген және жүйелі дамуында айтарлықтай синергияны көріп отырмыз", - деді Қазақстан президенті.
Оның пікірінше, бұл бағыттар кең байтақ Еуразия ішіндегі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық деңгейін түбегейлі өзгертуге қабілетті.
"Қазір біз Еуразия үшін бұрын-соңды болмаған жаңа көлік шеңберін қалыптастырып жатырмыз десек, артық айтпаған боламыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович жаһандық көлік-логистикалық жүйені қалыптастырудың маңыздылығы туралы оймен келісті.
"Мен одақта мүше-мемлекеттердің тәуелсіз қатысуын ескере отырып құрылған біртұтас басқарумен біріккен көлік жүйесі болуы керек деп есептеймін. Мұндай тәсіл ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға ғана емес, сонымен қатар, ШЫҰ елдерімен бірлесе отырып трансқұрлықтық логистикалық мегажобаны қалыптастыру мүмкіндік береді. Бұл "Бір белдеу – бір жол" бастамалары мен "Шығыс – Батыс" және "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәліздерін толықтырады", - деді ол.
Жаңа қаржы жүйесі және бизнесті қолдау
"Халықаралық қаржы саласында түбегейлі өзгерістер орын алып жатыр, - деді Владимир Путин. - Біз өзара есеп айырысуда тату емес елдер валюталарының үлесін азайту бағытын ұстанамыз және ұлттық валюталарға толық көшу үшін дүние жүзіндегі серіктестермен, соның ішінде ЕАЭО аясында бұдан да белсенді жұмыс жүргізуге ниеттіміз".
Ресей президенті Қытай, Үндістан және Латын Америкасы мемлекеттерін қоса алғанда әлемнің экономикасы қуатты басқа да мемлекеттері сыртқы саудада есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдануға көшіп жатқанын еске салды.
"Осындай жаңа, бір орталыққа тәуелді емес әлемдік қаржы жүйесін қалыптастыру үшін бірлескен күш-жігерді үйлестіру маңызды. Ол неғұрлым орталықсыздандырылған болса, әлемдік экономика үшін соғұрлым жақсы болады. Себебі ол дағдарысқа ұшыраған елдердегі сын-қатерге тәуелді болмайды. Бұл есеп айырысудың ғана емес, бүкіл әлемдік экономиканың қауіпсіздігін арттырады және экономика саласындағы жұмысты саясаттан тыс етеді", - деді РФ президенті.
"Бизнестің мүдделерін қорғау және оларды мемлекет тарапынан қолдау ЕАЭО-ның барлық елдерінде бірінші кезектегі міндет болып табылады", - деді Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров. "Осыған байланысты мен бизнесті құрудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселені пысықтау қажет деп санаймын. одақтағы бизнес-омбудсмен институты.
"Бизнестің мүдделерін қорғау және оларды мемлекет тарапынан қолдау ЕАЭО-ның барлық елінде бірінші кезектегі міндет болып табылады, - деді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. – Осыған байланысты мен одақтағы бизнес-омбудсмен институтын құру мәселесін пысықтау қажет деп санаймын. Еуразиялық рейтинг агенттігін құру кәсіпкерлік субъектілері тап болатын шектеулерді жоюмен қатар Еуразиялық аймақ елдерінің қаржылық тәуелсіздік деңгейін арттырып, инвестициялық белсенділікті жандандырар еді".
Александр Лукашенко өнеркәсіптік және технологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу бойынша жұмыс істеуге шақырды. "Өнеркәсіптік кооперация оқшаулау дәрежесі жоғары еуразиялық брендпен өнім шығаруға, сондай-ақ импортты алмастыратын жаңа жобаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді ол.
Владимир Путин өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және "ЕАЭО-да жасалған" деген сауда белгісімен бірлескен кәсіпорындар құру қажеттігі туралы айтты. Оның айтуынша, "капиталдар ұйым елдерінің шекарасында қалуы үшін" тұрақты кредиттік-және банктік инфрақұрылым қажет.
Михаил Мясниковичтің айтуынша, инвестициялық қызметтер болашақтағы дамудың негізгі факторы болып табылады.
"Бүкілодақтық импортты алмастыру бағдарламасы қажет. Технологиялық тәуелсіздік электроника, білдек жасау, дәрі-дәрмек шығару, химиялық және биологиялық кәсіпорындар, жоғары технологияларды дамыту бойынша ауқымды міндеттерді шешуді көздейді. Біздің елдерде тиісті құзыреттер бар", - деген Мясникович мемлекет басшыларынан осы мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмаларды орындауды сұрады.
ЕАЭО-ның одан әрі дамуы туралы
Қасым-Жомарт Тоқаев алда көп жұмыс бар деп есептейді. Оның айтуынша, ең алдымен "төрт еркіндіктің" біріншісін, яғни тауарлардың қозғалысы еркіндігін толық жүзеге асыру қажет.
"Бұл біртұтас, шын мәнінде кедергісіз нарықты қалыптастыру және үшінші елдерге тауарлардың кедергісіз транзитін қамтамасыз етуді білдіреді. Мен бұл мақсаттарға толық қол жеткізу үкіметтер мен ЕЭК жұмысының негізгі бағыты болуы керек деп есептеймін", - деді Қазақтан президенті.
Тоқаев Одақтың толыққанды, жүйелі жұмыс істейтін ішкі нарығы қажет екенін айтты. Оның ойынша, осы жағдайда ғана ұлттық бизнес пен шетелдік серіктестер Одақтың әлеуетіне толық сенетін болады.
"Біздің бәріміз үшін бірінші кезектегі міндет – толыққанды экономикалық одақ құру, – деді Александр Лукашенко. – Барлығы бұл мәселедегі ілгерілеушілікті атап өтеді. Алайда мен бұрынғы пікірімде қаламын: ешқандай кедергілер мен шектеулер болмауы керек".
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ЕАЭО елдерінің еңбек мигранттарына қажетті құжаттарды қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік беру керектігі туралы ұсыныспен бөлісті.
"Азаматтардың басқа елде жұмысқа орналасу үшін қажетті әрекеттерді электронды форматта, яғни өз елінің аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажет", - деді Жапаров.
Владимир Путин өз кезегінде білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқарудың ортақ принциптері мен стандарттары негізінде жүзеге асырылатын "төрт еркіндікке" бесіншіні, яғни білім еркіндігін қосуды ұсынды.
Бұл біртұтас мәдени кеңістіктің, тіпті ортақ еуразиялық идеологияның қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Бұл әсіресе жастар, өскелең ұрпақ үшін маңызды.