АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда шекарашылар жүк пойызымен Ресейге заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстады.
Оқиға 17 мамырда болған.
ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Булаев" (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресейге заңсыз өтпекші болған шетелдікті ұстады.
Ер адам жүк пойызы вагонының үстіне жасырынған.
Мемлекеттік шекараны бұзған азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.