Павлодар облысында зейнеткер алаяққа 2 млн теңгесін беріп жіберген

Sputnik
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 17 мамырда болған. Павлодар қаласының 89 жастағы тұрғынына белгісіз ер адам үй телефонына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. "Полиция" зейнеткердің қызы жол апатына кінәлі екенін айтып алдаған.
"Алаяқ зейнеткерден проблеманы шешу үшін 5 миллион теңге ақша сұраған. Жәбірленуші тек 2 млн теңге бар екенін айтқан. Алаяқтар ақша беру схемасын егжей-тегжейлі түсіндірген. Зейнеткер "полицияның" атынан келген белгісіз ер адамға ақшаны бере салған", - дейді ведомство.
Зейнеткер алданғанын қызы үйіне аман-есен келгенде бір-ақ білген. Қызы полицияға шағымданды.
"Жедел іздестіру кезінде полиция Астана қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол ақша тасымалдау үшін курьер іздеген адамның хабарламасынтелеграмнан тапқан. Сілтемеге өтіп, белгісіз біреумен сөйлескен, ол курьерлік қызметке әр ақша аударымы мен тасымалынан 10% төлейтінін айтқан. Ер адам бірден келісіп, оның нұсқауы бойынша ақшаныалып, екінші деңгейлібанктердің әртүрлі шоттарына аударған", - дейді полиция.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысқаны үшін "курьерге" қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айта кетері, биыл Павлодар облысының полициясында 294 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.