Қоғам

Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды

Қазақстан бұл ұсынысты қарастыруға дайын
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Египет Қазақстанға 14 күндік өзара визасыз режим енгізуді ұсынды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манал Эль Шиннавимен кездесуінде белгілі болды.
Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық туралы әңгімелескен.
"Эль Шиннави ханым Мысыр қазақстандық туристер арасында ең танымал үшінші бағыт екенін атап өтіп, 14 күндік өзара визасыз режимді енгізуге қызығушылық білдірді. Біз бұл мәселені қарастырамыз", - деп жазды Оралов Telegram-да.
Ал министр елшіге қос мемлекет арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бағытында іс-шараларды пысықтауды ұсынды.
Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді – СІМ