АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Астанада дәмхананың кілтін тауып алып, кассасын тонап кеткен азамат анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Астаналық азаматтың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Тергеу барысында ер адам дәмхана қызметкерлерінің кілтті табалдырықтағы бөшкенің астында қалдыратынын байқағаны белгілі болды.
Таңертең ер адам дәмхананың кіреберісінен тауып алған кілтпен есікті ашып, үй-жайдың ішіне кірген. Содан кейін ол кассадан 155 мың теңгені ұрлап, қашып кеткен.