Алматыда белгісіз біреу 8 мектепті "миналады"

Бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама бір уақытта түскен
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Полиция, төтенше жағдайлар департаменті және қаланың басқа да жедел-құтқару қызметтерінің мамандары Алматының сегіз мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
Хабарлама 26 мамырда таңертең түскен. Барлық көрсетілген мекен-жайға ақпаратты тексеру үшін арнайы қызмет жіберілді.
"Қазіргі уақытта қаланың жедел қызметтері бірқатар жалпы білім беретін оқу орнын тексеріп жатыр. Ғимараттағы адамдарды эвакуация жасамай-ақ саперлік бөлімшелер комиссиялық тексеру жүргізеді", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сондай-ақ полицейлер Алматы қаласының тұрғындарына бұл жағдайға түсіністікпен қарауды және жалған ақпарат таратпауды сұрады.
Еске сала кетейік, дәл осындай ақпарат 20 сәуірде болған. Ол кезде де Алматының бірнеше мектебінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат түскен.
Оқиға
Алматыда бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат түсті