Алдағы күндері ауа райы 38 градусқа дейін ысиды

Sputnik
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 27-29 мамырға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердіңайтуынша, кей облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады", - дейді ведомство.
Батыс өңірлерде ауа температурасы +32+37С дейін, солтүстік-батыста +30+35С дейін , солтүстікте +20+30С дейін ысиды.
Ал орталықта сынап бағанасы +20+28, оңтүстікте +30+38С дейін жоғарылайды.
Оңтүстік-шығыста күн +20+25 градус жылы болады. Шығыста күн райы +23+28С болады.
Елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары