Түркиядағы президент сайлауы: Астана – Эрзинджан телекөпірі өтеді

Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. "Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында 26 мамырда сағат 14.00-де Астана - Эрзинджан телекөпір форматында сараптамалық кездесу өтеді.
Кездесу 28 мамырдағы Түркиядағы президент сайлауының алдағы екінші кезеңі туралы болады.
Президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өтті. Бұл кезеңде бірде-бір кандидат жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын жинай алмады. Қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған 49,52 пайыз дауыс жинады, оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 44,88 пайыз, ал АТА альянсының кандидаты Синан Оган 5,2 пайыз дауыс жинады.
Синан Оган дауыс берудің екінші кезеңінде Режеп Тайып Ердоғанды қолдайтынын айтты.
"Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығындағы кездесуде сарапшылар түрік халқының таңдауы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қалай әсер ететінін талқылайды.
Спикерлер:
1.
Олжас Рахматуллин, Астана Халықаралық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің оқытушысы (Қазақстан);
2.
Таир Нығманов, Медиа сарапшы (Қазақстан);
3.
Айнұр Ноғаева, Эрзинжан Бинали Йылдырым (Түркия) университетінен шақырылған профессор.
Өтетін орны: Астана, Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев 10, 31-қабат.
Сараптамалық кездесудің трансляциясы "Sputnik Қазақстан" сайтында және сайттың Вконтакте-дегі парақшасында 26 мамырда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) тікелей эфирде өтеді.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу бойынша көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (7172) 472673, моб.: + 7 707 854 4162 немесе e-mail: sputnik.kazakhstan@gmail.com.